Ұлылықтың кемеңгері – ұлы ұстаз!
Бүгін ұстаздар күніне арналған қалалық мерекелік іс-шарада Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицей жанындағы
Қосымша білім беру орталығының 4-сынып оқушыларынан құралған "Жас дарын" хор үйірмесінің мүшелері тамаша ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай мерекелік сәттер - ұстаздарымызға деген шәкірттердің шынайы құрметі мен ризашылығының айқын көрінісі.
