20 қаңтар күні Т.Есетов атындағы
№ 264 мектеп лицейінің 3-сыныптар арасында
ұйымдастырылған «Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» толуына орай мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің құлагері , ақын Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге үйреті, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Сайысқа 17 оқушы қатысты. Нәтижесінде мәнерлеп оқу талаптарын талапқа сай орындағаны үшін төмендегі оқушылар жүлделі орынмен марапатталды.
“Бас жүлде” 3 “С” Сынып оқушысы : Алмасқызы Нармин;
І орын 3 “Г” сынып оқушысы: Ниязбекқызы Алмира:
І орын 3 “Л сынып оқушысы: Жұбаназар Жасмин;
ІІ орын 3 “Б” сынып оқушысы : Әділбекұлы Әлинұр;
ІІ орын 3 “И” сынып оқушысы: Жомарт Камшат;
ІІІ орын 3 “Ә” сынып оқушысы: Бекболат Нұртүлек;
ІІІорын 3 “Ж” сынып оқушсы : Анес Айғаным
Сайысқа қатысушы оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
Сайыс өз мақсатына жетті. Қорытындылай келе, оқушыларымызға білім додасында биік шыңдарды бағындыра берсін демекпіз.