Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған «І. Жансүгіровтің туғанына 130жыл » атты мәнерлеп оқу сайысы 15.01.2025ж. күні 2-сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға ақынның шығармашылығын таныстыру , поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін
арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру.
Сайысқа 12 сынып қатысты. Әділқазылар бағалап, оқушыларды марапаттады.
Бас жүлде: 2«П » сынып оқушысы Сәкен Назерке
1-орын: 2 «Е» сынып оқушысы Алиулла Жібек
2-орын: 2«Ә» сынып оқушысы Бақытбек Алуа
3-орын: 2 «Д» сынып оқушысы Жақсыбай Эльдар
Сайысқа қатысушы оқушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды. Сайыс өз мақсатына жетті. Ұйымдастырушылар:Бижанова Назерке , Ахмет Анел.