Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурыз мерекесінің іс - шара жоспарына сай 2025 жылдың 17 наурыз күні Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық мәдениетімізді дәріптеу мақсатында халық күйлерінен, халық әндерінен, жыр - термеден ән шашу шашылып, "Қара жорға" биі биленді.
Оқушылар шығармалардың шығу тарихын салт - дәстүрімізбен байланыстыра отырып,
ұлттық құндылықтарымызды насихаттады.
Мақсаты:
- Оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, салт-дәстүрлерімізді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.