Мамандық таңдаудағы сынып жетекшінің рөлі
Мектебімізде оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берудің маңыздылығын арттыру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сынып жетекшінің оқушы болашағына ықпалы жан-жақты қарастырылып, педагогтер арасында тәжірибе алмасу жүргізілді.
Семинарда мамандық таңдаудың өзектілігі атап өтіліп, оқушылардың бұл таңдауды саналы жасауының маңыздылығы талқыланды. Сынып жетекшінің оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтаудағы, оның болашақ бағытын айқындаудағы рөлі ерекше екені айтылды.
Сонымен қатар мамандық таңдауға әсер ететін негізгі факторлар сараланды. Атап айтқанда, оқушының қызығушылығы мен қабілеті, отбасының ықпалы және қоғам сұранысы кеңінен сөз болды. Бұдан бөлек, ата-ананың өз қалауын таңуы, оқушы пікірінің ескерілмеуі, біржақты бағыт беру сияқты жиі кездесетін қателіктер талқыланды.