Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің 9 - сынып оқушылары арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегі тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұнын іске асыру мақсатында «Мамандықтар марафоны» байқауы өткізілді.
Байқауға он төрт 9 - сыныптан 7 команда болып топтасып қатысты.Сайыскерлер төрт кезең бойынша бақ сынады.
І. «Мен - мамандықтар әлемінде» - әдеби байқау (эссе).
Қатысушылар мамандықтың ел үшін маңыздылығы мен таңдауын негіздейтін болашақ мамандық туралы тақырыпты ашатын эссе жазды.
ІІ. «Мамандықтар әлемі» интеллектуалдық ойын
Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтар туралы сұрақтарға жауап беру арқылы пазлдарды құрастырып, белгілі бір мамандық иесін табу;
ІІІ. «Майталман маман» немесе «Кәсібінің үздігі» видеороликтер байқауы
(қатысушылар әртүрлі мамандық иелерінің ішінен «үздігі» туралы баяндайды)
Видеороликтің мазмұнында: ол кісінің сол мамандықты таңдау себебі; мамандығының қызығы мен қиындығы туралы; тұлға ретінде дамуына негіз болған қағидалары; өмірлік тәжірибесі мен өнегесі қамтылуы тиіс.
ІV. «Мамандықтың бәрі жақсы» - сахналық қойылым (қатысушылар сахналық көрініс көрсетеді). Көрініс қою арқылы мамандықты бағалауда әр түрлі көзқарастың болуын, зерттеу дағдыларын қолдануды көздейді: бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды талдау, сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбат жүргізу және т. б.
Сынып жетекшілер мен сайыскерлер мамандықтану бағыты бойынша терең шығармашылықпен дайындықтарын көрсете білді.Әсіресе, «Майталман маман» немесе «Кәсібінің үздігі» видеороликтер байқауында сайыскерлер әртүрлі мамандық иелерінің ішінен «үздігі» туралы баяндай отырып,қызықты сюжетер ұсына білді.
Байқаудың көрігін қыздырған «Мамандықтың бәрі жақсы» сайысы болды.Сайыскерлер белгілі бір кәсіп иесінің бір күндік қызметі туралы сахналық көрініс көрсетті.Бұл сайыс,әсіресе,көрермен жанкүйерлердің зор қызығушылына ие болды.
Байқау өте тартысты әрі қызықты өткізілді.Нәтижесінде негізгі орта мектеп түлектері мамандық таңдаудың өмірлік маңызды мәселе екенін түсіне білді.
Байқау қорытындысы бойынша , 1 - орын 9 «А, Н» сыныптары , 2 - орын 9 «Г, Д» сыныптары, 3 - орын 9 «Е, К» сыныптарынан құралған командалар иеленді.