"Математика жұлдыздары"сайысы
14 қараша күні Тәкей Есетов атындағы 264 мектеп -лицейінде 4-сынып оқушылары арасында "Математика жұлдыздары" атты сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты:Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту.Логикалық тапсырмалар арқылы қызығушылығын арттыру. Жұлдыздай жарқыраған дарынды балаларды анықтау.
Сайыс екі кезеңді қамтыды:
1-кезең "Жылдам есепте"
2-кезең"Логикалық тапсырмалар"
Сайысқа 17 оқушы қатысты. Оқушылар әр кезеңде өз білімдерін көрсетіп,белсенділік танытты. Білім сайысы өз деңгейінде өте жақсы өткізілді. Әділқазылар әр кезең бойынша балл қойып, соңында ортақ ұпай нәтижесін шығарды. Ең жоғары ұпай жинаған оқушы «Математика жұлдызы» атанды. "Бас жүлде" 4"И" Кенжеәлі Айша
1- орын 4"С" Амангелді Аянат
1-орын 4"Д" Төлеген Ерсін
2-орын 4"В" Орынбасар Хадиша
2-орын 4"Н" Өміртай Мұхаммед хакім
2-орын 4"К" Бақытбеков Дияр
3- орын 4"Ә" Сәдуақас Нұрасыл
3-орын 4"М" Мырзабек Раян
3-орын 4"А" Қожахмет Інжу.
Ұйымдастырушы ұстаздарға рақмет.