Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.
Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа сапалы тәрбие беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау.
Елімізді өркендетер келешектің кемеңгерлерін дайындау.
Осынау шаттық сыйлар мерекеде балаларымызға жарқын болашақ, ашық аспан тілейміз!