Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығында қалалық деңгейде «Мейірімділік мекені ынтымақтастықтан басталады» атты семинар өткізілді.
Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың шығармашылығын арттыру, ой қозғау, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара тәжірибе алмасу.
Семинардың жоспары бойынша
1. Іс - тәжірбие алмасушылармен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау әдістері арқылы сәлемдесті.
2. Семинарға қатысушылар арасында «PED RING» интеллектуалды сайысы өткізілді. Бес кезең бойынша түрлі логикалық.ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз шығармашылықтарын көрсете білді.
3. Сайыстан соң қонақтарымыз мектеп ішін аралап қуыршақ театрын тамашалауға келді. Театр кейіпкерлері «Қоянның туған күні» ертегісін сомдады.
Ертегіден кейін мамандарға арналған логоритмикалық жаттығулар, сергіту ойындары көрсетілді.
Семинардың екінші бөлімінде Ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізінде спорттық шаралар таза ауада өткізілді.
Семинар соңында мерекелік апталыққа арналған бейнеролик тамашаланып, қорытынды сөз кезегі облыстық инклюзивті ресурстық орталықтың педагог - ұйымдастырушысы Кумекбаева Салтанат Есқарақызына берілді. Өз кезеңінде «Армандар орындалады» тренингі жүргізіліп, естелік сыйлықтар ұсынылды. Семинарға қатысушылар іс шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныс пікірлерін айтты.