Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
1 қыркүйек күні Т.Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. 
Жадыраған жазды артта қалдырып, берекелі қоңыр күздің алғашқы таңымен, бүкіл халықтық мереке – білім күнін қарсы алуға келген, жүректері үмітке толы, болашақ елдің тірегі болар 363 бүлдіршін бүгінгі күннен бастап білімнің алғашқы баспалдағына қадам басқалы тұр.
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашақққа қарымды қадам жасаған, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері, мектеп- лицейіміздің басшысы Тумурзаев Бек Сұлтанбекұлы кішкене бүлдіршіндеріміздің алғашқы қадамына сәттілік тіледі. 
 Салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы - Даулетова Ғалия Ноғайқызы жаңа оқу жылына толағай табыс, үлкен жетістіктер тілеп, ізгі ниетін білдірді. 
Жиын барысында мектеп оқушылары әсем ән айтып, көңілді биімен әрледі. 
Жиын соңы білім күніне арналған алғашқы сабаққа ұласты.