Мектеп инспекторы лагерь тынығушыларымен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында келесі мәселелер қамтылды:
Жол қауіпсіздігі – жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер жолымен жүру;
Суға түсу қауіпсіздігі – рұқсат етілмеген су айдындарында шомылмау, ересектерсіз суға түспеу;
От пен газ құралдарын пайдаланбау – үйде жалғыз қалғанда өрт қауіпсіздігін сақтау;
Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет – 101, 102, 103, 112 нөмірлерін жаттау;
Интернет қауіпсіздігі – бөгде адамдармен хат алмаспауды, жеке ақпаратты жария етпеуді ескерту;
Бөгде адамдармен қарым-қатынас – бейтаныс адамдармен бірге кетпеу, қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну;
Түнгі уақытта көшеге шықпау – ата-анасыз жүрмеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау.
Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты мысалдар келтіріліп, оқушылар қауіпсіздік туралы суреттер салып, бояулармен бояп өздері түсіндірді. Барлық тынығушыларға жадынамалар таратылды.