Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ - МӘДЕНИ РУХАНИЯТ МЕКЕНІ

Кітапхана - қашан да қасиетті шаңырақ. Ежелде өмір сүрген ғұлама ғалымдардың кітапханаға деген шексіз махаббаты бүгінгі ұрпақты таңдандырмай қоймайды. Мысалы, бұрынырақта өмір сүрген ғұлама ғалым, ойшыл, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл - Фарабидің Бағдад қаласына баруына бірден - бір себеп: онда орналасқан бай кітапханаға деген қызығушылық әсер еткен көрінеді. Демек, білім - ғылым жолын қуған жандар қаланың кітапханасын да назардан тыс қалдырмаған. Ал бұл күнде ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда халықтың кітапханаға бару ықыластарын бұрынғымен салыстыруға келмейтін сияқты. Кітапхана орнын интернет, кітапты компьютер алмастырып отыр.

Сондықтан да сананың жаңғыруы кітап пен ұлт деген маңызды сана мен ой, даму мен өсу, өркениет өріне қадам жасау деген түсініктер қажет екенін ұққанда ғана үлкен дәрежеге жете аламыз. Даналық сарайындағы кітапханашылар мектеп өміріндегі негізгі тетік болып табылады. Олар жас өркенге кітап арқылы жаңа тыныс сыйлайды.

8.10.2024 күні мектеп - лицейімізде «Мектеп кітапханасы - рухани мәдениет мекені» тақырыбында 5 - 7 сынып оқушыларымен танымдық оқу сағаты өтті. Танымдық сағат қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері - Төлеміс Салтанат, Тлеубергенова Мөлдірдің ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты: оқушыларды мектеп кітапханасымен таныстыру, кітап оқу арқылы рухани азық алуға болатынын ұғындыру.
Оқушылар мектеп кітапханасымен, BOOKCROSSING бұрышындағы кітаптармен танысты.