Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі 2025 – 2026 оқу жылы бойынша «Мектептегі тамақтандыру айдары» бракераждық комиссия жұмысының
ҚАРАША АЙЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМАСЫ

2025 жылдың 21 қараша күні мектеп әкімшілігінен және қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен мектептегі жалпыға міндетті оқу қоры есебінен бөлінетін жеңілдетілген ыстық тамақ сапасына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізудің мақсаты:
Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
Калькуляциялық және бракераждық журналдың болуын тексеру;

Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;

Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;

Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру;
Қоймалардың тазалығын қарау;

Жұмыс барысында мектеп медбикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сәйкес екендігін журналға толтырады. Тағамдарды тұтынуға рұқсаттама алынып, оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала медбикенің қадағалауымен беріледі.

«Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұжымы үшін басты назарда!