Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі 2025 – 2026 оқу жылы бойынша «Мектептегі тамақтандыру айдары» бракераждық комиссия жұмысының

ҚАЗАН АЙЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМАСЫ

2025 жылдың 24 қазан күні мектеп әкімшілігінен және қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен мектептегі жалпыға міндетті оқу қоры есебінен бөлінетін жеңілдетілген ыстық тамақ сапасына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізудің мақсаты: асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру. Калькуляциялық және бракераждық журналдың болуын тексеру; асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру; асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау; асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру; жұмыс барысында мектеп медбикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сәйкес екендігін журналға толтырады. Тағамдарды тұтынуға рұқсаттама алынып, оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала медбикенің қадағалауымен беріледі.

Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары жасаған. Асханалық аспаптарды дұрыс сақтау, стеляждары, арнайы шанышқы салғыштары бар. Жинау мүкәмалары (таңбалау, жеке сақтау орны) талапқа сәйкес. Тамақ қалдықтарына арналған контейнерлерді өңдеу ( не өңделеді және кім жауапты) шарты жасалған. Сусымалы өнімдерді тұғырықтарда, тауар қойғыштарда, стеллаждарда сақтау, қоймалардың тазалығы талапқа сәйкес. Температуралық-ылғалдық режимін сақтау бойынша гидрометр жұмыс жасайды. Тоңазтқыш жабдығының мақсаты туралы таңбалар жазылған, таза. Тамақ өнімдерін жеткізушілермен жасалған шарттар, сертификаттар бар.