Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20 ақпан күні Тәкей Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде “Мектептегі жасанды интеллект: Бүгін және болашақ” атты бастауыш сынып мұғалімдері арасында білім сайысы өтілді. Сайысқа бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Сайыстың мақсаты: Адами ойлауды қажет ететін,әрі қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті интеллектуалдық жүйелерді білім беру саласында жетістікке жетуде дұрыс қолдана білу.Сонымен қатар білім беруде жасанды интеллектті пайдалану сапасын арттыру.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
1. “Сұрақ - жауап”
Бұл кезең бойынша сайыскерлерге сұрақ қойылады. Әр қатысушыға 3 сұрақтан қойылады.
2. “Панорамалық сабақ”
Бір сабақты қорғау. Сайысқа қатысушы ұстаз бір сабағын видеоға түсіріп, қысқа мерзімді жоспардың әрбір құрылымын, әдіс - тәсілдерін түсіндіріп, қорғап шығады және сабақ барысында жасанды интеллектіні қолдануы.
3. “Жасанды интеллектіні пайдаланып педагогикалық идея ұсынады”
Жасанды интеллектінің сабаққа қолдануға тиімді түрін ұсыну.
Сайысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсебекова Нейла, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маденова Орынкүл, информатика пәні мұғалімі Досжанова Ботагөз әділқазылық етті. Сайыс жоғары дәрежеде, қызықты өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлдені Жаңабергенова Айгерім,
1 - орын Айтбай Динара,
2 - орын Досқалиева Айзат,
3 - орын Ахметова Жамила,
3 - орын Ахетова Ақерке иеленді.
Ұйымдастырушылар: Бастауыш сынып мұғалімдері
Талманова Асел
Сәндібекова Несібелі
Қуаныш Лира