Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің» онкүндігі аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби - сазды кеші өтті.
Кеште ақынның жалынды жырлары жүректі тербесе, лирикаға толы сазды әндері мектеп ішін әдемі әуенге толтырды.
Кеште ақынның “Сарыжайлау”, “Есіңе мені алғайсың”, “Бақыт деген не?”, «Сенің көзің», “Жалаң аяқ қыз” әндері шырқалып, “Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған” “Махамбеттер, Абайлар - ай”, «Үш бақытым», «Шеше, сен бақыттысың!» өлеңдері оқылды. Ақынның жолын қуып, жастардың қауырсын жырымен жазылған арнау да кештің сәнін келтіріп, көрермен көңілінен шықты.
Әдеби кештен әсерленген көпшілік ақын шығармашылығынан шабыт алып, серпіліп қалды.
Сазды кештің соңғы бөлімінде қатысушыларды түрлі номинациялармен марапаттап, естелікке ақынның жыр жинағы ұсынылды.
Мұзбалақ ақын атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік өмір!