Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылғы 27 қаңтар күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Мен оқитын мектеп: оқуға құштар мектеп» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында Booktalks (кітап талқылау) байқауы  өткізілді. Іс-шараға 9-сынып оқушыларынан құралған топтар қатысты.
Сайыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды.
І кезеңде оқушылар өздері таңдаған кітаптарын презентация арқылы таныстырып, авторы, негізгі кейіпкерлері, шығарманың идеясы мен сюжетін ашып көрсетті. Сонымен қатар шығарма мазмұнын жаратылыстану пәндерімен байланыстырып, биологиялық, химиялық, географиялық және экологиялық құбылыстармен сабақтастыра білді. Оқушылар ақпаратты ұсынуда заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолданды.
ІІ кезеңде «Егер мен кейіпкер болсам…» атты интерактивті рөлдік ойын ұйымдастырылды. Бұл кезеңде қатысушылар кейіпкер бейнесіне еніп, өз ойларын монолог пен шағын көрініс арқылы әсерлі жеткізді. Оқушылардың сахналық мәдениеті мен сөйлеу дағдылары айқын көрінді.
Іс-шара барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артқаны, өз ойын еркін жеткізе алуы, пәнаралық байланысты түсінуі және шығармашылық белсенділігінің жоғарылағаны байқалды. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдауға үйренді.
#ОҚУҒАҚҰШТАР 
#МЕКТЕПТЕАТРЫ
Қорытындылай келе, Booktalks сайысы оқушылардың функционалдық және оқу сауаттылығын дамытуға, ғылыми-танымдық көзқарасын кеңейтуге, шығармашылық әлеуетін ашуға оң ықпал етті. Алдағы уақытта бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу ұсынылады.