23.01.2026 жылы 8-сынып оқушылары арасында «Мен - заңға бағынатын азаматпын» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Байқауға ұсынылған жұмыстарда оқушылар заңға бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық пен міндет ұғымдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып бейнеледі. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және құқықтық мәдениетін нығайтуға ықпал етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орын- 8 «К» сыныбы
II орын – 8 «А» сыныбы
III орын – 8 «Г» сыныбы алды. Байқауға қатысқан барлық сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.