Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18 наурыз күні Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің "Бастауыш сыныптар" онкүндігінің  аясында 3-сыныптар арасында   "Менің алғашқы AI мультфильмім"  атты цифрлық заманауи сайысы өткізілді. 
Сайыстың мақсаты:Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, мультфильм құрастыру жолдарын таныстыру, шығармашылық ойлауды дамыту және заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсету .
Сайыс 2 кезеңнен тұрды.
1 – кезең Үй тапсырмасы "Менің алғашқы мультфильмім"
2 – кезең  «Мультфильм кейіпкерін таныстыру және қорғау» 
Бірінші кезеңде қатысушыларымыз берілген үй тапсырмасы бойынша ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған мультфильмді ұсынып көрсетті.
Екінші кезеңде мультфильм құрастыру кезінде қолданған ЖИ құралдарын атап ,жұмыстарын таныстырды,қорғады. Оқушылар әр кезеңде белсенділік танытты.
Нәтижесінде “Менің алғашқы AI мульфильмім” цифрлық заманауи сайысында жеңімпаз оқушыларымыз анықталды.
1. «Бас жүлде» 3 "Д" Жұмағали Айғаным1 орынмен   3 "Е"  Оразбай Аянат ,3"А" Дүйсен Нұриман, 

2 орынмен 3"В" Мұратбек Әмина, 3"Ж" Толыбек Дінмұхаммед,3 "З" Мұзарапша Асылай

3 орынмен  3 "Л" Нұрлан Шахназар, 3 "Н" Мұқан Айдын ,  3 "П"Балтабай Ақзере "Алғыс хат" 5 оқушы  марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушы оқушыларға  алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта  цифрлық заманауи  платформаларды  терең меңгеріп, жаңашылдыққа,ізденіске деген қызығушылықтары  артып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.