Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің Облыстық ресурстық орталығының педагог-асистенті Омарова Райхан FM-жүйесі арқылы «Менің мектебім және сыныбым» тақырыбында оқушымен түзете дамыту сабағын жүргізді.
1. Сабақтың мақсаты:
Оқушыны мектеп ортасына бейімдеуге, қажетті заттарды  сұрай білуге көмектеседі. FM-жүйесін қолдану арқылы дыбыстық қабылдауы, сөйлеу мүшелері жақсарады.
Ұйымдастыру барысы:
1. Сәлемдесу
2. Оқушының көңіл-күйін сұрау.
3. Сабаққа назарын аудару, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі:
  Мектеп, сынып, парта, мұғалім, тақта, қалам, кітап және т.б суреттері.
Жаңа сөздермен жұмыс(Визуалды+Аудио)
Жаттығу: «Ме-ме-мектеп», «Сы-сы-сынып»
Әдіс-тәсіл:
Мұғалім, FM-микрофонына сөзді анық, буынмен айтады, оқушы суретті көрсетіп мұғалімнің айтқанын қайталайды. 
Мек-теп, Сы-нып, Пар- та, Мұ-ға-лім.
2. «Сөйле құрау»
Қысқа сөздерді қайталату( есту және сөйлеу)
«Бұл-менің сыныбым»
«Бұл-менің сыныбым»
«Мұғалім, маған көмектесіңізші»
3. Ойын: «Көрсет және ата» Мұғалім, «Парта қайда?» дейді, оқушы партаны тауып, «Міне парта» деп жауап беруі керек.
4. ⁠Қорытынды және бағалау
Бүгін үйренген ең маңызды 3 сөзді оқушы қайталайды