«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Кітап қана дәл мәнді білім бере алады, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын тылсым табиғаттың, жаңа құндылықтардың бетін ашқандай болады, көп дүнинені үйренеді. "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп те текке айтылмаған.
Осы орайда. «Қазақстан балалары» іс - шара жоспарына сәйкес «Менің отбасым - менің байлығым» тақырыбымен отбасы құндылықтарын насихаттау, балалар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында отбасылық кітап алмасу шарасы өткізілді!
Іс - шара аясында 8 «Г» сынып оқушысы Смаилова Аққоным әкесімен өздері оқыған сүйікті кітаптарын талқылап, әсерлі ойларымен бөлісті.
Аталған шара отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.