Наурыз – Тәуелсіздік пен отаншылдық айы
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «НАУРЫЗ-БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» атты Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында оқушылар Алаш қайраткерлерінің Наурызға арналған өлең-тілектерін мәнерлеп оқып, ұлттық рухты асқақтатты. "Жас домбырашылар"оркестрінің орындауындағы «Алаш аманаты» күйі мен халық күйлері көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Сонымен қатар, жаңа жыл – Жылқы жылына орай «Бәйге» ер балалар хоры шырқалып, «Қара жорға» биі кештің көркін қыздырды. «Ләйлім шырақ», «Құдаша қыз» шығармалары негізінде қойылған мюзикл ұлттық өнердің әсемдігін айшықтады.
Қазақтың үш биі жас ұрпаққа өнегелі бата-тілектерін арнап, халық әндері шырқалды. Кеш соңында Қыдыр ата ақ батасын беріп, жарапазан, шашу сияқты ұлттық дәстүрлер дәріптелді.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл кеш – жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлкен үлес қосқан тағылымды шара болды.