Тәкей Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының арнайы педагог-психолог маманы Асенова Әйгерімнің оқушыларға арналған жеке бағдарламасы бойынша «Нейрожаттығулар арқылы баланың когнетивті жүйелерін арттыру» тақырыбында түзете-дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушының есте сақтау қабілетін тікелей дамытуға стимулация жасау.Сонымен қатар нейрожаттығулар арқылы баланың сөйлеу тіліне тікелей әсер ету.
Берілген тапсырмалар:
1- «Есінде сақта » ойыны
2- «Орындарды ауыстыр» ойыны
3- Нейрожаттығулар
4- «Қағазды жаймен жырт» әдісі
Нәтижесінде: «Күнделік» әдісі арқылы кері байланыс алынды. Бұл жаттығулар баланың когнетивті жүйелерін арттырады .Сонымен қатар баланың есте сақтау қабілетінің қалыптасуына көмектеседі.Нейрожаттығулар арқылы ұсақ моторика мен жалпы моторика бірігіп,сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді.«Шапалақ »әдісі арқылы баланы ынталандырып,мадақтау арқылы бағаланады.