5 "П" сынып оқушысы Ұзақбай Айсұлтан «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсында I орын иеленді!
Жетекшісі: Ешниязова Гүлзада Асарбайқызының еңбегі мен қолдауына зор алғыс!
Бұл байқаудың мақсаты: қазақтың дара перзенті, композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын мерекелеу және жас вокалистерді танытып, жастардың қазақтың асыл музыкалық өнеріне қызығушылығын арттыру.
Айсұлтанның жеңісі – өнерге деген сүйіспеншіліктің, еңбекқорлық пен таланттың жемісі!
