"Әншуақ" балалар фестивалі аясында музыка пәні және мектеп - лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, "Мәдениет майталманы", "Үздік Ұстаз" төсбелгісінің иегері, жергілікті балалар композиторы, сазгер Шынымов Сәкен Айтбайұлымен "Өнерін әнмен өрнектеген" тақырыбында кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: Балалар әндерін кеңінен тарату, жергілікті композитор шығармаларымен таныстыру, балалар шығармашылығын арттыру.
Кеш барысында оқушылар Сәкен Айтбайұлының өмір жолымен, шығармашылық жолымен таныса отырып, әндерін әуелете орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, композитор "Назерке" әнімен қорытындылады.
Кеш соңында мектеп - лицей директоры Бек Сұлтанбекұлы сөз алып, ұжым атынан жергілікті композитор Сәкен Айтбайұлына ән әлеміндегі шығармашылығына толағай табыстар тіледі.
Әдемі кештен әсерленген көрермендер кеш қонағына зор ризашылығын білдіріп жатты.