Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп-лицейіміздің 4 «В» сынып оқушысы Айша Қалдыбек Астана қаласында өткен еліміздегі балалар композиторларының әндерін насихаттау және олардың орындалу аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Балапан саз – бақытты балалық шақ әуендері» бағдарламасына қатысып, телевизиялық жобада өз өнерін сәтті көрсетті. 
Айша үлкен сахна төрінде өз талантын танытып, өнерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық қабілетін айқын дәлелдей білді. Бұл – жас өнерпазымыздың өнер жолындағы алғашқы қадамдарының бірі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.
Оқушымызды дайындаған жетекшісі — музыка пәні мұғалімі Манат Рахметова Әбілқасымқызына шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт жетістігі екені сөзсіз.
Сондай-ақ Айшаның өнер жолындағы қадамдарына әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-анасына да ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Жас дарын иесіне шығармашылық табыс, шалқар шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!