«Әнші жүрек, өнерлі ұрпақ» фестивалі
Қосымша білім беру педагогтері мен музыка пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен «Шабыт» жобасы аясында 1–6 сынып оқушылары арасында «Әншуақ» балалар фестивалі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
– Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;
– Ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу;
– Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
– Талантты балаларды анықтап, қолдау.
Өнерлі оқушыларымыз сахнада өз таланттарын жарқырата көрсетіп, көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Әрбір қатысушының шығармашылыққа деген ынтасы мен талпынысы еленіп, мектеп-лицей директорының алғыс хатына ие болды.
Балаларымыздың болашағы жарқын болып, әр қадамы құтты болсын!
{gallery}/is4/13{gallery}