Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 8 «Б» сыныбында «Объектілерде террористік актілердің алдын алу және сақтық шаралары туралы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі Дәуренбекова Гүлзира террористік актілерге қатысты бағыттаушы сұрақтар қойып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырды. Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар қауіп-қатер жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын талқылап, өз көзқарастарын ашық білдіріп, белсенділік танытты.
Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздікке деген саналы көзқарасын қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жауапты әрекет ету дағдыларын нығайтумен өз мақсатына жетті.