Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҮЙІНШІ!!!

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы аясында қалалық «Ана тілі аруы» байқауы өтті.

Бұл байқау қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерді дәріптеп, олардың көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай-ақ әдептілікке, инабаттылыққа және ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. 

Аталған байқауға Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 10 “Ж” сынып оқушысы Мұрат Әлия қатысып, өз ақыл-ойы, парасаты және өнерімен ерекшеленіп, жүлделі І орынды иемденіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Қала мектептерінен қатысқан 37 арудың арасынан суырылып алға шыққан Әлиямыздың жетістігі – мектебіміздің абыройын асқақтатқан үлкен жеңіс.

Оқушымызды және жетекшісі Мұратаева Майя апайымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Әлияға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз және тағы да биік белесті бағындыратынына сенеміз!