РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ОБЛЫСТЫ ОЗДЫРҒАН ОҚЫТУШЫЛАР
Жыл сайын өтетін мұғалімдер арасындағы республикалық спартакиада биылғы жылды қорытындылап, өз мәресіне жетті.
Биылғы оқу жылында да Қызылорда облысы оқ бойы озық болып, командалық есепте 1 - орын алды! Екі жыл қатарынан 1 - орынды иеленіп жүрген облыс оқытушылары өздерінің нағыз мықты екенін дәлелдеді.
Ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткен валейбол ойынында да екі команда 1 - орынмен марапатталды.
Аталмыш спартакиадада Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінен де мұғалімдер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Әрқашан жеңіс тұғырынан көрінетін жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз!