Т.Есетов атындағы 264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталығында
13-17 қаңтар күндері ерекше білім алатын оқушылардың тұлғалық дамуы мен білімін бағалау сапасына мониторинг жасау мақсатында пән мұғалімдері мен, арнайы мамандар үшін ашық есік аптасы ұйымдастырылды.
Талқылау жұмыстарына 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналары, сынып жетекшілері, арнайы мамандары мен педагог-асисстенттері қатысты.
І жартыжылдық бойынша жеке баланың даму динамикасын бақылау мен одан әрі жүзеге асыру жайында, сабақ барысында қалыс кеткен тұстары мен олқылықтары, осы аралықта оқушының жеткен жетістіктері мен нәтижелері туралы айтылып, келер тоқсанға қойылған мақсат-міндеттер де аталып өтілді. Ата-аналардың да жылы лебіздері мен ұсыныс пікірлері тыңдалып, жазбаша нұсқалары алынды.
Ұйымдастырылған ашық есік апталығы өте жақсы деңгейде өтті. Мектеп ұстаздары мен ата-аналардың білім сапасын арттырудағы біріккен шаралары алдағы уақытта оң нәтижесін берері сөзсіз.