Тәкей Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінің 9 «Г» сынып оқушысы Айдарбек Нұрдос Қызылорда облысының құрама командасы сапында өнер көрсетіп, республикалық додада жүлдегер атанды!
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан онлайн форматта өткен Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында облыс құрамасы ІІІ орынды иеленді.
Команда жетекшілері: Кошкарова Риза,
Бұл жетістік – оқушыларымыздың зеректігі, табандылығы мен жүйелі дайындығының жемісі. Облысымыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатқан жас шахматшыларымызды мақтан тұтамыз!
Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!