Тәкей Есетов атындағы #264 мектеп лицейінде бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Оқытудағы эстафета» атты білім сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Мұғалімдердің өз пәндерінен түрлі жаңа технологиялар мен озық әдіс-тәсілдерді шеберлікпен пайдалана білу;
- Пәндік білімін, жаңашылдығын көрсету;
- Педагогикалық ынтымақтастықты арттыру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1- кезең «1 минут – 1 ой»
2- кезең «Қатесін тап»
3- кезең «Тез ойла, тез ойна»
4- кезең «Ең үздік әдіс-тәсілдер»
Сайыстың нәтижесінде мұғалімдеріміз жүлделі орындармен марапатталды.
Бас жүлде - Қуаныш Лира
І орын - Алтаева Айгерім
ІІ орын- Қырданова Ақтоты
ІІІ орын - Иманжаппарова Қамарай
ІІІ орын - Мұқанова Сымбат
Қорытындылай келе, “Оқытудағы эстафета”- тек жарыс емес, өзара тәжірибе алмасу, шабыт пен шеберлік мерекесі болды. Барша қатысушылар білім мен тапқырлықты, өнер мен әдістемелік шеберлікті жоғары деңгейде көрсетті.