Кітапханаға саяхат
Кiтапхана - кітаптар әлеміне апаратын қызыққа толы жол болса, сол жолмен жүруге әр оқушының ынтасы ауады.
«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша
Т. Есетов атындағы № 264 мектеп - лицейінің
7 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нұрмаханова Гүлзат 4 қараша күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасады.
Мақсаты: Кітап әлемi туралы түсiнiк берiп, кітапхана өмірімен таныстыру; білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханашы Жәнібекова Ардақ оқушыларды кітапхана туралы, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі,«Балалар әдебиеті» бөлімі туралы толық мағлұматтар берді. Сондай - ақ іс - шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар тағы да басқа көркем суреттелген кітаптар ұсынды.
Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi.Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.