Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылдың 28 ақпан күні Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ата - аналарға арналған "Қосымша білім беруді сапалы ұйымдастыру - оқушының жан - жақты дамуының жаңа қыры" тақырыбында "Ашық есік" күні өткізілді.
 Ата - аналар үйірме мүшелерінің "Өнерлі жұлдыздар" атты көркемөнерпаздар концертін тамашалап, балаларының үлкен алғыс құрметіне бөленді.
 Шара барысында ата - аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар жасалды.
 Концерт соңында бала тәрбиесіне белсенді араласып, ұопақ болашағына үлкен сенім артқан ата - аналарға да мектеп басшысы Бек Сұлтанбекұлы өз алғысын білдіріп, ізгі тілегін арнады.
 Өрімдей өрендерімізді түрлі өнерге баулып, жетістікке жеткізіп жүрген орталық мамандарына ата - аналар да зор алғысын білдірді.
 Көктемнің алғашқы күнімен келген «Алғыс айту күні» баршаңызға құтты болсын!
«Алғыс анаға, алғыс әкеге, алғыс жас пен кәріге, алғыс бауырға, алғыс ауылға, алғыс елдің бәріне»