23.01.2025 жылы химия, биология, география пәндері онкүндігінің "Жаратылыстану-әлемнің ғажап үш тірегі" атты жабылу кеші болып өтті. 10-сынып оқушылары арасында өткен іс- шараға
Ұйымдастырушылар: М. Тұрлыбекова, Г. Әбдіқайыр , Б Әйтпенбетова ,Г Абдуллаева , М. Оспанова , А. Сақабаева ар оқушыларға танымдық тапсырмалар мен ойындар ойнатып, химиялық тәжірибелер дайындап, ғылыми жоба иегерлерінің "Жеміс-жидектерден асқазан жұмысын реттейтін шырындар" атты қалалық жобада орын алған жұмыстарымен таныстырып өтті. Іс-шараның мақсаты: ұстаздар мен оқушыларға жаратылыстану әлемінің қыр-сырымен таныстырып, мектептегі алған теориялық білімдерін күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген заттармен, өмірмен байланыстыру, ой-өрістерін дамыту.
Іс-шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар танымдық ойындарға белсене араласып, жүйрік ойлары мен білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңында адам бойында болатын әртүрлі фобиялармен таныстырылып, өз фобияларын жеңу мақсатында жануарлар мен жәндіктер түрлері көрсетіліп, кеш қызықты өтті. Кешке қатысқан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Қиымов сөз сөйлеп, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымызға жасап жатқан еңбектері үшін алғысын айтты, сәттіліктер тіледі.