«Оралхан Бөкей - Өр Алтайдың асылы» танымдық сабағы
Қарашаның жетісі күні Қалалық Білім басқармасы облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) хатына сәйкес, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде Оралхан Бөкей шығармашылығынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу, оқушының танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Оралхан Бөкей - Өр Алтайдың асылы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі К. А. Ақпанов сынып жетекшілігіндегі 6 «С» сыныбына танымдық сағат өткізді.
Сабақта жазушының өмірі мен шығармалары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Шара барысында оқушыларға тұлға туралы бейне көрсетілім, шағын дәрістік таныстырылым өтті. Оқушылар да өз білгендерімен бөлісіп, сабақ мақсаты орындалды.