Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
2026 жылғы 23 қаңтар күні Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қатысуымен «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» тақырыбында тәрбие жұмысы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың Отанға деген адалдық сезімін қалыптастыру, елге қызмет етуге және оны қарулы қорғауға даярлау, сондай-ақ әскери мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.

Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына халықаралық жоғары әскери оқу орындарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына оқуға түсу тәртібі мен мүмкіндіктері жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Аталған мәліметтерді АӘТД пәні оқытушысы Абдигапбаров Сабыр Абсаттарович, лейтенант Садықов Дастан Жұмабайұлы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киымов Габдул Калилаевич жан-жақты түсіндірді.