«Отбасы - тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы ұлттық заңнамалар» тақырыбындағы ақпараттық - танымдық сағаты
#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#Біртұтастәрбие
#зороық_зомбылықсыз_16_күн
04.12.2024 ж. күні Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде Қазақстандық оқу - ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы «Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенділігінің 16 күні» тақырыбы аясында «Отбасы - тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы ұлттық заңнамалар» тақырыбында ақпараттық - танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы іс - қимыл туралы құқықтық актілерді таныстыру.
Кездесу барысында «Отбасындағы зорлық - зомбылықтың алдын алу негіздері» туралы Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейі жанындағы әйелдер кеңесі төрағасы Г.А.Тулендиева кіріспе сөз сөйлеп, қоғамдағы өзекті мәселе екенін атап өтті.
Келесі кезекте «Тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы ұлттық заңнамалар» тақырыбында құқық негіздері пәні мұғалімі С.Дәрибаева ақпараттық - таныстырылым жасады. Таныстырылымда отбасылық зорлық-зомбылық түрлері, оны жасаушының құқықтық жауапкершіліктері туралы түсіндірді.
Танымдық сағатта тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, мәселенің мазмұнын ашты.
Кездесуді мектеп психологі Р. Абдукаримова психологиялық тренинг жасап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады
Кері байланыс. Қатысушылар сұрақтар қойды, өз көзқарастарын білдірді, отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алуды күшейту бойынша ұсынымдар ұсынды.