Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде 14 - 18 сәуір аралығында "Бүгінгі сән - кітап оқу" атты іс - шара жоспарына сәйкес 17 сәуір күні 8 "Г" сынып оқушыларына "Отбасылық оқу:ұмытылған дәстүр ме, әлде мәңгілік құндылық па?" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараны Г.Байдилдаева жүргізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: ұмытылып бара жатқан отбасылық оқуды насихаттау, кітап оқудың пайдасын ұғындыру, кітаптың мәңгілік құндылық екенін дәріптеу.
Оқушылар 3 топқа бірігіп, ой түрткі сұрақтарына жауап берді, кітап оқуға қатысты берілген нақыл сөздерге өз пікірлерін білдірді. Кітап оқудың, отбасылық оқудың пайдасы жайлы роликтерді көріп, өздерінің отбасымен бірге оқыған кітаптарымен бөлісті.
Дөңгелек үстел еркін форматта пікір алмасу, өзгенің ойын тыңдап, тәжірбие алмасу түрінде өтілді.
Шара соңында әр топ тақырыпты талқылай келе, отбасылық оқудың мәңгілік құндылық екенін дәлелдеп, өз тұжырымдарын ұсынды.
#оқуғақұштармектеп #республикалықғылымипедагогикалықкітапхана