Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагогтардың кәсіби әдеп нормаларын сақтау және құқықтық жауапкершілік
2026 жылғы 16 наурыз күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде педагог қызметкерлер арасында кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Аталған жиынға мектеп мұғалімдерімен қатар ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты Б. Жубатов және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Киымов қатысты.
Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, педагогтардың кәсіби әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзара байланыста қарастырылды. Осы ретте полиция өкілі Б. Жубатов құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жиын барысында педагогтардың кәсіби жауапкершілігін арттыру, білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу және қолданыстағы заңнамаларды қатаң ұстану мәселелеріне баса назар аударылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және мектепішілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі түрде баяндалды.
Жиын қорытындысы бойынша педагог қызметкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аталған іс-шара білім беру ұйымында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, педагогтардың кәсіби жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталды.