Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 17 наурызы күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі ұйымдастыруымен сарапшы санатындағы арнайы пән мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларын, әдістемелік құралдарын қорғау,тәжірибе тарату мақсатында "Педагогтердің кәсіби дамуы:тәжірибе, ізденіс, нәтиже" тақырыбында әдістемелік алаңы өтті. Бұл алаң — мұғалімдердің кәсіби ізденісі мен шығармашылық әлеуетін, жаңашыл идеялары мен ғылыми-зерттеушілік көзқарасын айқындайтын маңызды алаң.
Сарапшы санатындағы мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын, әдістемелік құралдарын қорғау барысында арнайы мамандар өз жұмыстарының мазмұны мен тәжірибелік маңызын жан-жақты таныстырды. Қорғау кезінде бағдарламалардың оқу үдерісінде қолданылуы, алынған нәтижелер мен жинақталған тәжірибе нақты мысалдар арқылы дәлелденді. Сарапшы санатындағы арнайы педагогтар өз ізденісінің тиімді тұстарын бөлісіп, жаңашыл әдістерді тәжірибеге енгізудің маңызын көрсетті. Бұл алаң кәсіби тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік болды. Жаңашылдық пен үздіксіз дамуға ұмтылған ұстаздарға сәттілік тілейміз!
#ҚызылордаҚаласы
#БілімБөлімі
#СарапшыМұғалім
#АвторлықБағдарлама
#ПедагогикалықТәжірибе
#ЖаңашылҰстаз
#БілімдегіЖаңашылдық
#ТәжірибеАлмасу
#КәсібиДаму