10 қазан күні “Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі - кітапхана “іс-шара аясында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлфайруз Изтилеуова мен Қыдырбай Нұртөре 6-сынып оқушыларымен “Поэзия арқылы оқуға тарту” практикалық жұмысын өтті.
6-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарына талдау жасады.Мысал өлеңдердің мазмұндық желісі бойынша мәтін құрастырып, өзіндік ой-пікірлерін білдірді.Поэзия жанры арқылы оқушыларды кітап оқуға бағыттау жұмыстары жүргізілді.