ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында өткен қалалық сайысқа Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінен АӘД пәні мұғалімі С. Абдигапбаров қатысқан болатын.
Аталған сайыста әскери-қолданбалы спорт түрлерінен үнемі спорттық дайындықта жүретін әріптесіміз Абдигапбаров Сабыр Абсаттарұлы жүлделі ІІ орын иеленді!
С. Абсаттарұлын ұжым атынан құттықтап, "Алар асуларыңыз биік болсын!" дейміз.