Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде 15 қазан күні 7 «Р» және 6 «Ж» сыныбында «Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл. Рейхстагқа тігілген ту» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Отанын сүюге, батырлардың ерлігін есте сақтауға шақыру.
Тәрбие сағатында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаяны, соғыс жылдарындағы ерлігі, соғыстан кейінгі өмірі туралы айтылып, бейнебаяны көрсетілді. Оқушыларға бейнебаяннан алынған мәліметтерден кейін оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы алған мәліметтерін тиянақтады.
Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айту жарысы өткізілді. Патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Көк тудың желбірегені» атты ән шырқалды.
Соңында оқушылар хормен «Ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды» деп айтып, еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялады.