2026 жылдың
29 қазанында Астана қаласында өткен дәстүрлі өнерді жаңғыртуға арналған «Өнермен өрілген Қазақстан» және «Жүнмен жазылған тарих» атты ерекше шаралар аясында Қызылорда облысының қолөнершілері халықаралық деңгейде танылып, «GBR-Global book of Records» халықаралық рекордтар кітабына енді!
Ағымдағы жылдың
16 қараша күні киізден ұлттық нақыштағы бұйымдар жасап, ата кәсіпті жаңғыртып, қолөнер шеберлерінің еңбегін дәріптеп жүрген мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері Хасанова Асель Хажмуратовна, Алибаева Нургуль Ергазыевна, Раушанбек Шаттық Раушанбекқызы қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Әріптестерімізді үлкен жетістігімен құттықтап, «әрқашан биіктен көріне беріңіздер» дейміз.