Республика күні қарсаңындағы патриоттық жазба жұмысы
25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде оқушылар арасында Отанға деген құрметтің белгісі ретінде патриоттық жазба жұмысы жүргізілді.
Жазба жұмысының негізгі тақырыптары: "Республика күні - ел мерекесі", «Отаным», «Мереке күні», «Мой независимый Казахстан».
Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде алынды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да күшейтеді.
Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді ояту және алдағы Республика күнінің мән-маңызын түсіндіру болды.