Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Республикалық спартакиадада облысты оздырған оқытушылар

Жыл сайын өтетін мұғалімдер арасындағы республикалық спартакиада биылғы жылды қорытындылап, өз мәресіне жетті. Биылғы оқу жылында да Қызылорда облысы оқ бойы озық болып, командалық есепте 1-орын алды! Екі жыл қатарынан 1-орынды иеленіп жүрген облыс оқытушылары өздерінің нағыз мықты екенін дәлелдеді.

Ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткен волейбол ойынында да екі команда 1-орынмен марапатталды.

Аталмыш спартакиадада Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінен де мұғалімдер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Әрқашан жеңіс тұғырынан көрінетін жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз!