29.04.2025 ж күні Тәкей Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде «1 - мамыр - Қазақстан халықының бірлігі күніне» орай 3 - сыныптар арасында "Әрқашан күн сөнбесін!" тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді.Сайысқа әр сыныптан барлығы 18 оқушы қатысты.
Мақсаты:
- көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту;
- әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында оқушыларымыз белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстарын өте жақсы деңгейде көрсете білді. Сайысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дуйсебекова Нейла, Қиымов Ғабдул және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маденова Орынкүл қазылық жасады.
Сайыста бас жүлдені 3 "З" сынып оқушысы Қыдырбек Айша жеңіп алды. Ал қалған оқушылар І, ІІ, ІІІ орындармен және алғыс хатпен марапатталды. Сайыс соңында ұйымдастырушы мұғалімдер Қырданова Ақтоты мен Тасболатова Фариза оқушыларға шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.