Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-логопед маманы Тортбаева Шакарбанудың «Сөйлеу тілін дыбыстық талдау арқылы,дағдыларымен дамыту» тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушымен дамыту жұмыстары.
Мақсаты: Оқушының сөздегі дыбыстарды дұрыс естіп,ажырата білуін дамыту. Сөзді дыбысқа,буынға бөліп айту дағдыларын қалыптастыру.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды тану және анық айтуға үйрету.Сөздің дыбыстық құрылымын анықтай білуін дамыту.
Міндеті:
*Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс анық айту.
*Сөзді 2-3 буынға бөлу.
*Әр буындағы дыбыстар санын анықтау.
*Буындарды дұрыс және біркелкі айтуға үйрету.
*Сөзді толық дыбыстық талдау.
*Дыбыстардың ретін,орнын анықтау (басында, ортасында, соңында)
*Сөзді тыңдап,ішіндегі дыбыстарды есту және ажыратуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
*Сөз ішіндегі дыбыстарды анық айтып,ести алады.
*Дыбыстардың ретін,орнын (басында, ортасында, соңында) дұрыс таба біледі.
*Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айта алады.
*Буындардың санын,әр буындағы дыбысты анықтай алады.
*Сөзді толық дыбысқа бөледі.
*Сөздің құрылымын дұрыс талдай алады.